Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадан шыққан жолаушылары бар автобус Ресейдегі тасжолда өртеніп кетті

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2024
  • 345

Қазақстаннан Моңғолияға баратын рейстік автобус Алтай Республикасындағы Шу трактісінде өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алтай Республикасының ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Шу трактісі автожолының 720 шақырымында рейстік автобустың өртенгені туралы хабарлама 20 шілдеде таңғы сағат 06:13-те түсті. Автобус Астана - Баян - Углий (Моңғолия) бағытымен жүрді.

Салонда 50 адам болды, оның ішінде 15 бала, барлығы эвакуацияланды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Сағат 06:14-те өрт орнына Оңғұдай ауылының №8 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілері саны 5 адам, 1 бірлік техника шықты. Сағат 07:15-те өрт сөндірілді. Автомобиль жолымен көлік қозғалысы шектелмейді. Ресей ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді", - делінген хабарламада.