Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана-Петропавл» жолында бояу тиеген фура аударылып қалды

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2024
  • 177

Бояу тиеген фура «Астана-Петропавл» автожолында аударылып қалды. Полиция осыған қатысты іс қозғады. Бұл туралы  Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

«21 шілде күні «Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген «Volvo» жүк көлігі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», - делінген ведомство хабарламасында.