Сегіз адам зардап шеккен Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған жазатайым оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін еңбек заңнамасы шеңберінде арнайы комиссия құрылды. Оны еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Мұрат Қарақекілов басқарды, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің тілшісі.
Комиссия құрамына барлық уәкілетті мемлекеттік орган өкілдері кірді.
«Оқиға орны тексерілді, жазатайым оқиғаның куәгерлеріне сауалнама жүргізіліп жатыр. Техникалық құжаттамамен танысу жүріп жатыр. Жұмыс облыс басшылығының тұрақты бақылауында», - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оқиға фактісі бойынша ферроқорытпа зауытында ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.