Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында АН-2 ұшағы жанып кетті

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2024
  • 257

Ақмола облысында Жарқайың ауданында АН-2 ұшағы өртеніп кетті.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Державинск қаласынан 10 шақырым жерде болған. 

«Әуеге көтерілмекші болған АН-2 ұшағынан өрт шықты. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланды. ТЖМ құтқарушылары 8 минут ішінде өртті оқшаулады. Қазіргі уақытта өрт толғымен сөндірілді», - деді ведомстводан.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп хабарлайды ТДЖ баспасөз қызметі.