Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда көпір опырылып, 11 адам мерт болды

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2024
  • 137

 Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында тасжол көпірінің бір бөлігі опырылып, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Чжашуй уезі Шанло қаласында орналасқан көпір жұма күні кешкі сағат 20:40 шамасында кенеттен жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан құлады», - деп хабарлады жергілікті билік.

Сенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша құтқарушылар өзенге құлаған бес көлікті тапты. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.