Русский Сайттың толық нұсқасы

Парижге жеттік, бүгін олимпиадалық қалашықта алғашқы жаттығуымызды бастаймыз – Мырзағали Айтжанов

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2024
  • 259

 Қазақ боксшылары Франция астанасы Париж қаласында орналасқан Олимпиада қалашығына аман-есен жетіп, алғашқы дайындықтарына кірісіп кетті. Бұл туралы kazinform тілшісіне ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтып берді, - деп жазды KAZINFORM.

«Парижге аман-есен жеттік. Бізді әуежайда Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің өкілдері қарсы алды. Олимпиада қалашығының атмосферасы керемет көңіл күй сыйлады. Қонақүй де жайлы, таза, ретті. Бүгіннен бастап, Париждегі алғашқы жаттығуымызды бастаймыз. 25 шілде күні жеребе тарту рәсімі. Жалпы, жарысқа дайынбыз», - деді бас бапкер.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасына бокстан ерлер құрамасы толық құрамда, яғни 7 салмақта, ал әйелдер құрамасы 3 салмақта сынға түседі.

Ерлерден Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Асланбек Шымбергенов, ағайынды Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбай және Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғаса, әйелдерден Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова шаршы алаңға шығады.