Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жер аманаты» комиссиясы өңірлерде көшпелі отырыстар өткізеді

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2024
  • 248

«AMANAT» партиясының «Жер аманаты»комиссиясыжақынарадаеліміздіңбарлықөңірлеріндересмикөшпеліотырыстарөткізугениетті. Бұлтуралы «Жер аманаты»комиссиясытөрағасыныңорынбасары, Мәжіліс депутаты БақытжанБазарбекөзінің Facebook парақшасындаайтты.

МемлекетбасшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтыңтапсырмасыбойыншапайдаланылмағанжәнезаңсызберілгенауылшаруашылығыжерлерінмемлекеттікменшіккеқайтарубойыншажұмыстаржүргізілуде. «AMANAT»партиясы ел Президентініңқоғамдықтірегі бола отырып, осы мәселенішешугеалғашқылардыңбіріболыпқосылды.

 «Жер аманаты»комиссиясыныңресмиотырыстары2024 жылдыңтамыз-желтоқсанайларыаралығындареспубликалықмаңызы бар барлықоблыстар мен қалалардаөткізіледі.

«Біз тек қана игерілмей, пайдаланбай жатқан жерлер бойынша ғана емес, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың жер учаскелерін беру кезіндегі әкімдіктердің заңсыз істерінемен басқа да заңсыз әрекеттерге қатысты өтініштерін қарастырамыз. Баршаңызға айтарым, комиссияның сіздің өңіріңізге келу мүмкіндігін пайдаланыңыз, жер қатынастарындағы заңдылықты, тәртіп пен әділдікті бірге қалпына келтірейік», – деді Бақытжан Базарбек.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» республикалық жер комиссиясы 2022 жылдың маусым айында құрылған болатын. Осы уақытқа дейін мемлекетке 10,8 миллион гектардан астам ауылшаруашылық жерлері қайтарылды, оның 3 миллионға жуығы азаматтарға берілді. Сондай ақ комиссияның бастамасымен мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлеріне ашық қолжетімділік беру мақсатында jerkarta.gharysh.kz. геоқызметі іске қосылды. Жер мәселелері бойынша 3 мыңнан астам өтініш қаралып, олардың 80% - ы оң шешімін тапты.

«Жер аманаты» комиссиясына өтінішті «AMANAT» республикалық қоғамдық қабылдау арқылы келесі байланыстар бойынша беруге болады:

1. Call-центр: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);

2. WhatsАpp: 8 700 800 4441

3. E-mail: komek@amanatpartiasy.kz