Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда әскери бөлімге қайтып келмеген сарбаз іздестіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2024
  • 225

 20 шілде күні Ақтау қаласындағы 6656-әскери бөлімінде жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өткізілді, - деп жазды KAZINFORM.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 21 шілде күні ант қабылдаған жас сарбаздар қалалық сейілдемеге өздерінің ата-аналарымен бірге кешкі сағат 18.00-ге дейін жіберілді.

«21 шілде күні белгіленген уақытта (сағат 18.00-де) тексеру барысында Ақтөбе облысынан шақыртылған сарбаздың қалалық сейілдемеден келмегені анықталды. Қазіргі уақытта қатардағы жауынгерді іздестіру шаралары жүргізілуде. Қызметтік тексеріс тағайындалды, оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.