Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда 3 адам жол апатынан қаза тапты

Қызылжарда жантүршігерлік жол апаты болды. Петропавл-Астана тас жолының бойындағы Бескөл ауылында Инфинити маркалы көлік үлкен жылдамдықпен келе жатып тракторға соғылды. Апат салдарынан жеңіл көліктегі үш адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ал ауыр техника жүргізушісі абырой болғанда аман қалды. Қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

 Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Полиция қызметкерлері үш адамның қазасына алып келген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар мен сотқа дейінгі іс жүргізуді тағайындау үшін материалдар жинауда.