Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында есірткі зертханасы жойылды

Түркістан облысында есірткі зертханасы жойылды. Есірткіге есі кеткен екі жергілікті тұрғын тыйым салынған затты өндірумен айналысқан. Алайда құйтырқы әрекеттері ұзаққа бармады. Олар есірткінің кезекті партиясын дайындап жатқан жерінен ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 60 келіден астам психотроптық заттар мен 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ "синтетика" өндіруге арналған құрал-жабдықтар тәркіледі. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Енді қылмыскерлер 15 жылын темір торда өткізуі мүмкін.