«Маса мазаны қашырды». Қансорғыш жәндіктерге әбден таланған астаналықтар осылай деп шағымдануда. Биыл жауын-шашын көп болғандықтан қансорғыштар саны артқан – дейді мамандар. Олардың көп болғаны соншалық тіпті арнайы құралдар мен аэрозольдерде көмектеспеуде. Мамандардың пікірінше, масалар улы заттарға әбден үйреніп алған. Қазір ғылыми топ қансорғыштардың дернәсілділгін зерттеп жатыр. Одан соң оларды жою шаралары жүргізіледі. Масалармен күрес қараша айына дейін жалғасады.
ЕШМҰХАНБЕТОВ, «СТОЛИЧНАЯ ДЕЗИНФЕКЦИЯ»ЖШС САПАНЫ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
Ғылыми топ бар бізде солар барып су қоймаларын шалшық суларды я болмаса, көлдер басқа да сулардың барлығын бірінші зерттейді. Адамдардың демалатын жерлерінде масалардың яғни имагиялық формасын анықтайды. Содан кейін жою іс-шаралары жүреді.