Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар жаңа қонысқа көшті

Алтынсары кентінің тұрғыны Бөпе Естаевтың қуанышында шек жоқ. Су тасқыны кезінде оның үйін су басып, баспанасыз қалған еді. Ауыл тұрғыны жергілікті биліктің ұсынысын жөн көріп, жаңа қоныстың құрылысын күткенін айтады.

Бөпе ЕСТАЕВ , АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Бұрынғы үй жетпіс екінші жылғы.Қамыс ескі үй. Енді мұндай үйге көңіл толмаса қандай үйге көңіл толады. Ризамыз.

 Ауылдың 21 отбасына осындай жаңа баспана бұйырды. Тағы 73 адамға қаладан пәтер берілді.

Берік ТАҢЖАРЫҚОВ, ҚОСТАНАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қостанай ауданы бойынша 292 үй су тасқынынан зардап шекті. Оның 94 үй тұруға жарамсыз болып анықталды.160 үйге жуық ремонттан өтіп жатыр. Оның алпысы мемлекеттік бағдарлама арқылы. Мемлекеттік мердігерлер арқылы ремонтттары бітті.

Торғай жақтағы Тәуіш ауылының тұрғындары да қоныс тойын тойлап жатыр.Елді мекенде салынған жаңа 22 үйдің кілті табысталды. Облыс бойынша тағы 46 жеке тұрғын үй мен бір көппәтерлі үйдің құрылысы жалғасып жатыр. Зардап шеккендер үшін 315 пәтер сатып алынды,815 үй жөнделді.Осылайша мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту толық орындалып отыр.