Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды. Филиалдың кезектен тыс ХХХІV конференциясы аясында ашық дауыс беру арқылы өткізілді. Көпшілік Алмасбек Есмахановтың кандидатурасын лайық деп тапты. Жиынға партияның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек арнайы келді. Ол сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы мен алға қойған міндеттерді нақтылады. Сонымен қатар партиялық бақылау комиссиясының міндеттерін айқындап берді. Партиялық 13 жобаның орындалу барысы мен маңызы туралы айтты. Жиныннан соң қалада жаңадан бой көтерген «Қан орталығы» мен «Жыраулар үйіне» арнайы барып, нысан ішін аралап көрді.