Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен мысырлықтарды осы елдің ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.
"Қазақстан мен Мысыр арасындағы ортақ рухани құндылықтар мен жан-жақты өзара ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өрісі кеңейгенін зор ризашылықпен атап өтемін. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы серіктестігіміз болашақта да өзінің жалғасын тауып, қарқынды дами беретініне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.