Русский Сайттың толық нұсқасы

Камала Харрис АҚШ–тың алғашқы қара нәсілді әйел президенті бола ала ма?

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2024
  • 297

Федералдық сайлау комиссиясына түскен хабарламадан АҚШ вице-президенті Камала Харристің президентікке үміткер ретінде ресми түрде ұсынылғаны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Джо Байден президент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеген соң Камала Харрис өз кандидатурасын жариялады.

“Президеттің қолдауына ие болу мен үшін үлкен құрмет. Бұл лауазымға қол жеткізу үшін барымды саламын”, – деді Камала Харрис. Осыдан кейін АҚШ Федералдық сайлау комиссиясына елдің вице-президенті Камала Харристің мемлекет басшысы лауазымына ұсынылғаны туралы хабарлама келіп түсті. “Камала Харрис – 2024 жылғы сайлауда АҚШ президенттігіне үміткер. Осы лауазымға ұмтылу үшін ол үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді”, – делінген құжатта.

Джо Байденнің сайлаудан бас тартуына байланысты оның сайлауалды штабының атауы "Президент үшін Харрис" өзгертілді. Экс-президент Камалаға қолдау білдірді.

“Менің демократ әріптестерім, мен өз кандидатурамнан бас тарттым. Бар күш-жігерімді қалған уақытымды Президент ретіндегі міндеттерімді орындауға жұмсаймын деп шештім. 2020 жылы партия кандидаты ретінде Камала Харристі вице-президент ретінде таңдап, алғаш рет шешім қабылдадым және бұл мен қабылдаған ең дұрыс шешім болды. Бүгін мен Камаланың кандидатурасын толық қолдап, қолдау көрсеткім келеді", – деді Джо Байден.

59 жастағы Камала Харрис – Калифорнияда бас прокурор қызметін атқарған алғашқы қара нәсілді әйел, АҚШ Сенатына сайланған шығу тегі оңтүстік азиядан болған бірінші америкалық және АҚШ-тың вице-президенті қызметін атқарған алғашқы афроамерикалық және азия-америкалық әйел.