Түркістан облысында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық шарасы өтті. Тазалық жұмыстарына 30-ға жуық техника мен 18 мекеме қызметкерлері және мыңға жуық қала тұрғындары қатысты. Олар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Жеңіс саябағы айналасын қоқыстан тазартып, ағаштарға күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді. Қала көшелерінен 300 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Айта кетейік, шара қаланың 10 аумағында ұйымдастырылды.
Дидар ХАМЗА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:
Қалада көптеген акция жүріп жатыр осы тазалық акциясына байланысты. Тазалық акциясын қолдаймыз. Міне қаламыз күннен күнге көркейіп, өсіп, дамып келе жатыр. Жасыл қалаға айналып келе жатыр.