Русский Сайттың толық нұсқасы

"Таза Қазақстан" акциясы аясында мемлекеттік табиғи қорық аумағы тазартылды

«Таза Қазақстан» акциясы Тобыл өңірінде ауқымды жүргізіліп жатыр. Жалпыұлттық науқанға шалғайдағы аудан, ауыл тұрғындары да атсалысуда. Президент бастамасын Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының ұжымы қолдап, аумақты қоқыстан тазартты. Экологиялық іс-шараға тұрғындар мен қатар «AMANAT» партиясының өкілдері, аудан әкімдігінің қызметкерлері мен «Жасыл ел» жасағының еріктілері қатысты.150 –ге жуық адам қамтылған. Арнайы техниканың көмегімен 20 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Белсенді топ «Қайыңды орманы» аумағын да тазартты.Аудан басшысы апта сайын бейсенбілік жұмыстары ұйымдастырылатынын айтады.

Мәди ИХТИЛЯПОВ, НАУЫРЗЫМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Аптасына бір рет жұмысқа шығамыз.Бүкіл халықты шақырам.Президенттің бастамасын қолдап «Таза Қазақстан» акциясы аясында елімізді таза ұстауымыз керек.

Жансая ҚАЙЫРЖАНОВА, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫНЫҢ ЕРІКТІСІ:

Біз осы «Жасыл ел» жасағы екі аптадай болып қалды.Тек ғана орманды емес.Өзіміздің аудан ішінде ластанған жерлереді тазалап және шөп өсіп кетен жерлерді тазалап, барлығын ретке келтіріп жатырмыз. Ауданымызды көркейтіп жатырмыз десек те болады.

Ал Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында белсенділер, партия мүшелері және ауыл тұрғындары өзен жағасындағы қоқыстарды шығарып, саябақтар мен алаңдарды ретке келтірді. Қазір мұнда туристер мен саяхатшылар легі ағылып жатыр. Аудан көрікті әрі киелі жерлерге бай. Демалыс орындарының сыртқы келбеті ғана емес ,қонақтар мен аудан тұрғындарының көңіл-күйі де аумақтың тазалығына байланысты, дейді шараға қатысушылар.Олар «Таза Қазақстан» науқанына жыл сайын қосылатын тұрғындардың артып келе жатқанын атап өтті.

Шыңғыс ӘЛІМБЕКОВ, КҮРШІМ АУДАНЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл акцияның негізгі түп мақсаты-қоршаған ортаны таза ұстау.Өскелең ұрпаққа жауапкершілікке,қоршаған ортаны қоғауға патриоттық сезімге баулу болып табылады.