Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда 12 жастағы оқушы қыз босанды

Павлодарда 12 жастағы оқушы қыз босанды. Ол облыстық перинаталды орталықта қыз баланы дүниеге әкелген. Бұны өңірдің білім беру басқармасы растады. Айтуынша, оқушы Шарбақты ауданындағы мектептердің бірінде оқиды. Биыл 6-сыныпты бітірген. Оқушының жүктілігін ұстаздары сәуір айында байқап, бірден ата-анасына хабар беріпті. Осы жағдайдан кейін мектеп директоры өз еркімен жұмыстан кеткен. Ал осы ауданның білім беру бөлімінің басшысына қатаң сөгіс берілді. Ал оқушы қыз өзінің туысқанынан жүкті болып қалған. Ол да кәмелет жасына толмаған бала. Қазір осы іске қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Сәуле ШӘКЕНОВА, ОБЛЫС БОЙЫНША БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕДЕЛ УӘКІЛ:

Ресми емес ақпарат бойынша 14 жасқа дейінгі балалардың басым көпшілігі жыныстық қатынасқа түсіп үлгерген. Сондықтан бұл мәселені мемлекеттік деңгейде шешуіміз керек. Шешкенде тыйым салу арқылы емес, ағартушылық жолмен шешуіміз маңызды. Ал заң бойынша баланың тәртібі мен тәрбиесіне ата-ана жауапты. Сол себепті тәрбиені мектепке ысыра салу дұрыс емес.