Русский Сайттың толық нұсқасы

"Бір жерде жаңбыр жауғанымен, келесі бір жерге зияны тиюі мүмкін",-вице-министр

Бұлт шақырып, жаңбыр жауғызудың зияны болуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов «Жаңбыр адам» атанып кеткен Алтай Айнабектің Арал теңізін толтырамын деген жобасына қатысты осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, бұған дейін шетелден мамандар бұлт шақырып, жаңбыр жауғызайық деген ұсыныс білдірген. Алайда оның экологиялық мәселесінде ескерген жөн дейді,-вице-министр. Себебі бір жерде жаңбыр жауғанымен, келесі бір жерге зияны тиюі мүмкін. Сондықтан бұл мәселе әлі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді деді,-ол.

Азат СҰЛТАНОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Экология министрлігімен бірге жұмыс істедік. Бірақ қазіргі таңда ешқандай ғылыми қорытынды да, нақты тәжірибе де жоқ. Сондықтан нақты бірдеңе айту қиын. Ондай жобаға субсидия беру деген бізде ешқандай заңға жатпайды.