Русский Сайттың толық нұсқасы

Жол үстінде төбелескен — Елордада екі жүргізуші 5 тәулікке қамалды

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2024
  • 235

 Елордада ұсақ бұзақылық жасағаны үшін екі жүргізушіге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, - деп жазды KAZINFORM

Іс материалдарынан екі жүргізуші де көлік құралдарын басқарғаны және жол жүру барысында жолды бөлісе алмағандығы байқалады. Содан соң екеуі көліктерін тоқтатып, қоғамдық орында өзара төбелес ұйымдастырған.

Сот отырысы барысында Б. және С. жасаған құқық бұзушылықтарын жоққа шығарған жоқ.

Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайы іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полиция қызметкерінің баянатымен және оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталады.

ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеліп соғады.

Сот кінәні мойындау, жасаған істеріне өкіну және жас балаларының болуын жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

Сот қаулысымен екі құқық бұзушы да ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ, жазалау шарасын айқындау кезінде сот қоғамда резонанс тудырған қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын құқық бұзушылықтың сипатын да назарға алды.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.