Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында мас күйде көлік тізгіндеген автобус жүргізушісі анықталды

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2024
  • 236

"Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қарғалы ауданында полиция қызметкерлері есірткіге масаң күйде көлік құралын басқарған ПАЗ автобус жүргізушісін анықтады.

Жүргізуші ЖШС жұмысшыларын тасымалдауды жүзеге асырған. Сот жүргізушіні 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Сонымен қатар "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 70 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, бұл негізінен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерін бұзу, техникалық байқаудың болмауы.

Естеріңізге сала кетейік, облыста "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы 2024 жылдың 28 шілдесіне дейін жалғасады.