Русский Сайттың толық нұсқасы

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 47 күн қалды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қызу. Қазір Елордадағы Астана Арена мен Алау спорт кешенінде күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Сала мамандарының айтуынша ғимараттың құрылыс жұмыстары былтыр күз айында басталған. Ал жауаптылар нысанды уақытында әрі сапалы аяқтауға уәде берді. Жұмыс күші жеткілікті.

Нұрдәулет ҚҰРМАНБЕКҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жұмыс күші жеткілікті осы Аренаның өзінде 500 ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Былай қарағанда өте көп. Сыртқы көзбен қарағанда көрінбеуі мүмкін бірақ әр жерде, әр салада, әр қабатта жұмыс істеп жатыр. Мысалы біреулер пол жұмыстарын жүргізіп митраждар қойып жатыр. Кез-келген жерді қарасаңыз сол жерде адамдар жүргізіп жатыр.

Байрақты бәсекенің өтуіне жеті нысан бекітілген.

Абылай ҚОНДЫБАЕВ, 5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКЦИЯ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізі бізде жеті нысан белгілі. Атап айтатын болсақ «Астана Арэна» бұл жерде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қзанатчапары ол жерде жекемншік иесі өз қаражатына иподромын жасап жатыр. 10 мың адамға арналған ипадромы болады. Одан басқа Алау мұз сарайы бар. Осы үш нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал қалған нысандар да жөндеу жұмыстары жасалмайды тек дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-ші және 13-ші қыркүйек аралығында өтеді. Тартысты додаға 89 мемлекеттен екі мыңнан астам спортшы қатыспақ. Олар спорттың 21 түрінен бақ сынайды. Сондай-ақ оларға қызмет көрсететін 1000 мыңға жуық шет тілін меңгерген еріктілерде жұмылдырылатын болады.