5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойынына барлық барлық спорт түрінен ел намысын қорғайтын спортшылар дайындықты күшейітті. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы федерациялармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Ғани Дүйшенов мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде алғаш рет өтетін байрақты бәсекеде ұлттық спортқа басымдық берілмек. Халықаралық сайыстың бұған дейінгі додаларында мәдени құндылықтар мен салт-дәстүрге мән берілген.
Ғани ДҮЙШЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ФЕДЕРАЦИЯЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Көшпенділер ойыны – айналып келгенде өзіміздің мәдениетімізді, тарихымызды, салт-дәстүрімізді, құндылықтарымызды барынша насихаттап қалатын алаң ғой. Халықаралық ЮНЕСКО ұйымын алсаңыздар олар әр халықтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерін ұлттық құндылықтарын барынша қорғауға алады.