Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбы атудан ұлттық құрама Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізуде

Жамбы атудан ұлттық құрама Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Олар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалуда. Бұл оқу-жаттығу жиынының үшінші кезеңі, алда тағы бір кезең бар. Дайындыққа екі команда қатысуда. 

Елдос БАДАШЕВ, ЖАМБЫ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

Дайындығымыз қазіргі таңда 70-80 пайызға дайын деп ойлаймыз. Бірақ әлі де жасайтын жұмыстарымыз бар. Техникалық, тактикалық жұмыстарымыз бар. Қазір аттарда уже дайын боп қалды.

Ералхан АЙКӨЗ, ЖАМБЫ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазіргі уақытта жаттығуымыз жақсы жүріп жатыр. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан үздіктер қатарынан көрініп еліміздің көк туын көкте желбіретсем деген ойдамын. Ендң барымызды саламыз.