Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен 200 отбасыға пәтер кілті табыс етілді

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2024
  • 281

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев СҚО-ға жұмыс сапары барысында жаңа "Бірлік" шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің және Қызылжар ауданы, Бескөл ауылындағы бес қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

Ведомство мәліметінше, жаңа "Бірлік" шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің құрылысы "Kaspi", "Kazakhmys" және "Kazminerals management" басқарушы компанияларының қаражатына жүргізілуде.

Жаңа "Бірлік" шағын ауданында 200-ге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Министр 1 қазанға дейін 700 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланғанын хабарлады.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 3 993 объектіге техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:

Облыс орталығында министр "Қопай" шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда, 29 көпқабатты үй салынып жатыр. Сонымен қатар, Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен "Кожевенный" шағын ауданындағы механикаландырылған жасақтардың жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.