Русский Сайттың толық нұсқасы

Синхронды жүзуден ұлттық құраманың бұрынғы мүшелерінің шағымы бойынша тергеу жүріп жатыр

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2017
  • 2454

Синхронды жүзуден əйелдер құрамасына қатысты дау тергеліп жатыр. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз конференциясында айтылды. Қыздар бас жаттықтырушыдан қысым көргені жайында түсініктеме берген. Олардың айтуынша, команда тəлімгері жарыстарға бөлінген ақшаны тиісінше жұмсамаған, жүзушілерге жалақы төлемеген.  Ұлттық құраманың экс-мүшелері куəгер ретінде шақырылған. Тергеу жүріп жатқандықтан, басқа деректерді жарияламай отыр. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қыздардың сөзін ресми растаған жоқ. Синхронды жүзуден əйелдер құрамасы төңірегіндегі шу бірнеше апта бұрын əлеуметтік желілерде жолданған сауалдардан кейін өршіп кеткен еді.

Айжан ҚУАШ