Русский Сайттың толық нұсқасы

Ерке Есмахан күйеуі өзін қалай еркелетінін айтты

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2024
  • 165

Әнші Ерке Есмахан күйеуі Raim өзін қалай еркелетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ерке Есмаханға оқырмандарының бірі "Бала кезіңіздегі арман болған мамандық?" деп сұрақ қойған.

"Кішкентай кезімде аяғымның ұшымен жүретінмін, тоқтамай. Әкеме балерина боламын дедім. Онымен біз Ақтөбенің ар жағында ауылда тұрдық. Ауылда балет мектебі жоқ болды. Одан скрипка үйренемін дедім. Ауылда өнер мектебінде скрипка бөлімі болмады. Домбыра мен қобыз ғана болды. Сөйтіп 2-сыныптан 5-сыныпқа дейін домбыра үйрендім. Домбыраға қарағанда әншілігім басым екенін байқап, әрі қарай колледжде вокал бөлімінде оқыдым.

Орындалмай қалған арманым болғандықтан, театр, балетке барғанды жаным сүйеді.

Raim мен "балерина моя" деп еркелетеді. Үйде билеп беремін", - деп жауап берді.