Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда психиатр-дәрігерді өлтірген күдіктілер ұсталды

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2017
  • 2284

Қостанайда облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваның өліміне қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаменті ресми мәлімдеме тараттыы. 

Арнайы жедел тергеу тобының шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілер құрықталды. Осы іске қатысы бар деген тағы бірнеше күдіктіні тұтқындауға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске салайық, отыз жерден пышақталған бұрынғы бас дәрігердің өлі денесі 20 ақпанда өз пәтерінен  табылған болатын.

Мейрам Базарбаев, Қостанай облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының  бастығы:

Үш күдікті анықталды. Қазір олар қамауға алынды. Сонымен қатар өзге де күдіктілерді құрықтау үшін шұғыл іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. 

Заңғар САНАЙ