Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық өрт сөндірушілер 2 адамды құтқарып, алтауын эвакуациялады

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2024
  • 181

Алматылық өрт сөндірушілер 2 адамды құтқарып, алтауын эвакуациялады. 

 Бүгін түнде Алматы қаласының Бостандық ауданында 9 қабатты тұрғын үйдің 9-шы қабатындағы пәтерде өрт орын алды.

ТЖМ күштері 2 адамды құтқарып, баспалдақ маршымен 6 адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 28 минуттың ішінде өрт сөндірілді.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.