Қызылордада пәтер ұрлығын күнкөріс көзіне айналдырған күдіктілер қолға түсті. Олар 24 үйді үптеп кеткен. Үш адам алдын ала зерттеп, үй иелерінің шығып кеткеніне көз жеткізіп отырған. Содан соң пластик терезе арқылы ішке кіріп құнды дүниенің барлығын қолды қылған. Аталған топ Шиелі ауданында кезекті ұрлығы кезінде ұсталған. Қазір өзге де ұқсас фактілерге қатыстылығы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Нұғман АМАНЖОЛОВ, ОПД КПБ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
Құрықталған үш күдіктінің бірі Абай облысының тұрғыны болса, екіншісі Ақмола облысының тұрғыны екендігі белгілі болды. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 14 млн теңге құрады.