Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік сатып алу порталының қызметіне шетелдіктер қызығушылық танытуда

Мемлекеттік сатып алу порталының қызметіне Тәжікстан, Армения, Беларусь мемлекеттері қызығушылық танытуда. Алдағы уақытта мамандарымыз аталған елдерге барып, порталдарды жетілдіруге көмектеспек. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл айтты. Сөзінше таңдана қарауына бірнеше себеп бар екен. Мәселен былтыр мемлекеттік сатып алу порталы шамамен 4,6 млрд теңге пайда тапқан. Ал 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің 109 елі арасында ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі жөнінен үшінші орынға ие болды. Жауаптылар порталды жетілдіру бойынша жұмыс күн сайын жүргізіліп жатқанын айтады.

Дәурен КЕҢБЕЙІЛ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Сатып алу сомасына байланысты әртүрлі тариф бар. Бұл қаражат толық көлемде осы порталды күтіп ұстауға және сүйемелдеуге бағытталады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 4,6 млрд теңге жиналды, бұл қаражаттың барлығы порталды күтіп ұстауға кетті. Егер белгілі бір қаражат артылатын болса, онда ол дивиденд түрінде республикалық бюджет деңгейіне көтеріледі.