Елорда маңындағы су карьерінің төңірегі қоқыстан тазарды. Астана-Бурабай тас жолы бойындағы шағын аумаққа "Таза Қазақстан" акциясы аясында "Аманат" партиясының өкілдері тазалық жұмыстарын жүргізді. Бейсенбілікке 100-ден астам адам қатысып, қоқыстарды жинады.
Әбдіғани БӘЗІЛХАНҰЛЫ, "АМANAT" ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Жалпы бұл шара тек еңбек деп қана түсіну керек емес, бұны идеологиялық бұрылыс деп түсіну керек. Өзіміздің тұрған жерімізді, өзіміздің өскен ортамызды тазалау арқылы біз жастарға үлгі көрсетуіміз керек.
Сергей МАТЮШЕНКО, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "БАЙҚОҢЫР" АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Мына жерге қаншама жұптар келіп, love story, фото-видеоларын түсіреді. Біз олардан қалған қоқыстарды жинап жатырмыз мына жерде. Неше түрлі бутылкалар, неше түрлі пластиктарын тастайтын болып жатыр.