Русский Сайттың толық нұсқасы

Төтенше жағдай министрлігінің қызметкері сотталды

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2024
  • 482

ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«17 маусымда Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы Қ.Темірханов 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жыл сайынғы тексерулер жүргізу кезінде жалпы қамқорлығы үшін кәсіпорын басшысынан 1,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталды», - деп хабарлады Антикор.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 10-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алуға тиіс. Осыған байланысты, Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы тәртібінде енгізілген Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жоғарыда аталған департаменттің басшысы мен оның орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.