Әлеуметтік желіде Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде жатқан ер адамның видеосы пайда болды. Видеоның сипаттамасында ер адамның биіктен құлағаны айтылған. Алайда полиция департаменті оның басына кірпіш құлап, содан көз жұмғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елордалық полиция департаменті ер адамның құрылыс алаңында жұмысшының басына кірпіш құлап, оның өліміне себеп болғанын айтып, биіктен құлау фактісін жоққа шығарды.
Мәліметтерге сенсек, қайғылы оқиға 19 шілдеде болған.
"Биыл 19 шілдеде Астанада құрылыс алаңында жұмысшының өліміне байланысты полиция қызметкерлері абайсызда адам өліміне әкелген құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", – делінген елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.