Жетісу облысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері дельтапланмен суға құлаған екі адамды құтқарып қалды.
«Жетісу облысында Ақши ауылының маңындағы Алакөл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары дельтапланмен ұшу кезінде суға құлаған 2 адамды құтқарды. Ер мен әйел адам медицина қызметкерлеріне берілді. Қаза тапқандар жоқ», – делінген ведмство хабарламасында.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметі бойынша дельтаплан сағат 17.15-те апаттық жағдайда қонды. Комитет бұл оқиға бойынша тергеу жүргізеді.
«Екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізілуде. Осы авиациялық оқиға бойынша тергеу жүргізілетін болады», – деп хабарлады аталған комитет.