Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында мыңға жуық алаяқтық тіркелген

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2024
  • 279

Алаяқтар әлеуметтік желілерде де күшейе түсті. Олар азаматтардың ақшасын алу үшін қандай әдістерді жиі қолданатыны туралы жедел уәкілдер айтты.

"Полиция жүргізіп жатқан іс-шараларға қарамастан, облыс тұрғындары интернет-алаяқтықтың құрбаны болуда. Бүгінгі таңда өңірде 1009 алаяқтық тіркелген, оның 795-і ақпараттық технологиялардың көмегімен жасалған", – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығының міндетін атқарушы Жасұлан Танжанов.

Ең көп таралған түрлерге жалған жарнамалар Olx.kz, Krisha.kz, Kolesa.kz, сондай-ақ Қытайдан төмен бағамен заттарды сату сылтауымен What’s Aрp әлеуметтік желісіндегі жалған аккаунттар жатады.

Мысалы, іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар жедел уәкілдері сайтта жалған хабарландырулар жасап жатқан көрші облыстың тумасын анықтап, ұстады.