Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында жеңіл көлік түйеге соғылып, бір адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2024
  • 300

Ақмола облысында жолдың үстіне шығып кеткен түйенің салдарынан жол- оқиғасы орын алып, бір адам көз жұмды.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 24 шілдеде «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 23 шақырымында болған.

«Анықталғандай, «Chevrolet Cobalt» автокөлігі жолдың үстінде тұрған түйеге соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан такси жолаушысы — Сандықтау ауданының 49 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза тапты», - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, Целиноград аудандық полиция бөлімі бұл деректі Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жануардың иесі анықталғаннан кейін ол жауапқа тартылады», - деп толықтырды ведомстводан.