Қызылорда облысында баласына 1 млн теңге көлемінде алимент төлемей жүрген адамның шотынан 156 млн теңге ақша табылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алимент бойынша 1 миллион теңге қарызы қалыптасқан тұрғын өзінің шотына 156 миллион теңгеден астам ақша салған», - деп хабарлады аймақтық прокуратураның баспасөз қызметі.
Дереккөзге сүйенсек, бұндай бай әкелерден бөлек аймақта құмар ойынға түскен азаматтар да көп екен. Мәселен, алимент бойынша қарызы бар 154 адам құмар ойынға 250 млн теңге жұмсаған.
«Борышкерлер алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін елемей, немқұрайлылық танытып, букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған», - деп хабарлайды прокуратура.