Русский Сайттың толық нұсқасы

Вакцина жаңа туған нәрестелер үшін қауіпті деген жалған ақпарат тарады

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2024
  • 359

Instagram-да тараған видеода вакцинацияға қарсы тұлға Галина Червонская перзентханаларда жаңа туған нәрестелерге салынатын екпелерді сынға алады. Оның айтуынша, бұл қылмыс. Балаларға егу жүргізбей, оларды жай ғана бақылау керек екен. Бұл ғылымға қарсы мәлімдеме, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Биолог-вирусолог Галина Червонская – жалған ғылым мен антиваксерлік идеяларды насихаттаушы. Өзін профессор және ғылым докторы деп атағанымен, ол вакциналардың адам ағзасына әсерін зерттеуге мүлдем қатыспаған.

2020 жылы Галина Червонскаяға "ВРАЛ құрметті академигі" атағы берілді. Антипремия жалған ғылым мен оны танымал ету саласындағы жетістіктері үшін беріледі.

Беделді ғалымдар Червонскаяның мәлімдемелері зиянды және ғылымға қарсы дейді. И. И. Мечников атындағы РМҒА Вакциналар мен сарысулар ҒЗИ мембраналық процестер зертханасының меңгерушісі Александр Матцтың айтуынша, "Г. П. Червонскаяның жарияланымдарында ақылға қонымды ойлар жастық максимализммен, асыра сілтеумен және сандырақпен қатар жүреді".

Бүгінде Қазақстанда балаға туғаннан кейін 1-4 күн ішінде туберкулезге (БЦЖ) және В гепатитіне қарсы екпе салынады.

БЦЖ вакцинасы ауру тудырмай, туберкулезге қарсы иммунитетті дамытуға көмектеседі. Бұл бала осы ауруды жұқтырған жағдай үшін қажет.

Бауырдың ауыр ауруларының алдын алу үшін В гепатитіне қарсы егу қажет. Бұл нәрестені осы вирусты жұқтырған жағдайда орын алуы мүмкін.

Червонская туберкулезге қарсы 100 адамның біреуін егу керек дейді. Бұл ретте статистиканың қайдан шыққанын айтпайды. ДДҰ мәліметтері бойынша, 2022 жылы 1,3 миллион адам туберкулезден қайтыс болды. Бұл ауру жұқпалы аурулардан болатын өлім-жітім себептерінің ішінде COVID-19-дан кейін екінші орында.

2024 жылғы 24 сәуірдегі Gavi жаһандық вакциналар альянсының мәліметтері бойынша, вакциналар соңғы 50 жылда 154 миллион адамның өмірін сақтап қалды.

Аман қалған адамдардың көп бөлігі 5 жасқа дейінгі балалар.

1974 жылы ДДҰ қолға алған кеңейтілген иммундау бағдарламасы балалар өлімін едәуір төмендетуге, шешек ауруын жоюға мүмкіндік беріп, полиомиелитпен күресуге көмектесуде.

Червонскаяның перзентханаларда балаларды егудің қажеті жоқ деген пікіріне ғылыми негіз жоқ. Балалар туғанда иммундық жүйе әлі толық дамымайды. Сондықтан нәрестелер тәуекел топқа жатқызылады. Вакциналар баланың ағзасын микробтардан қорғануға үйретеді. Осылайша олар оның өмірін сақтап қалады.