Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл соңына дейін инфрақұрылымдық деректер 100% цифрландырылады

Жыл соңына дейін инфрақұрылымдық деректер 100% цифрландырылмақ. Қазір бұл көрсеткіш 86 пайызды құрайды. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова айтты. Қазір қала құрылысына қатысты барлық құжаттар әзірленуде. Жоба толық жүзеге асса құрылыстың сапасы артады.

Жәннат ДҮБІРОВА, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Kazreestr жүйесі сондай-ақ елдегі үлестік қатысу келісімдерінің орталықтандырылған есебін жүргізуге және үлестік құрылыс объектілерінің құрылысы барысына мониторингті шоғырландыруға мүмкіндік береді. Мен азаматтарды осындай тұрғын үйді сатып алу кезінде үлестік қатысу шарттарын жасау үшін осы жүйені пайдалануға шақырамын.