Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жеміс-жидек сатып, баспана мен көлік алдым», - кәсіпкер

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2024
  • 355

Шілде айының соңғы жексенбісі сауда қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Елімізде саудамен жағдайын жақсартқандар жетерлік. Солардың бірі - талдықорғандық кәсіпкер Әли Мұхаммед. Ол жұбайымен бірге 10 жыл бұрын жеміс-жидек пен көкеністер дүкенін ашқан. Шағын қаражатпен басталған бизнес бүгінде оған миллиондап табыс әкеліп отыр. Әлидің өзге саудагерлерден басты ерекшелігі – әр тауарын өлеңдетіп сатуы.

Әли МҰХАММЕД, КӘСІПКЕР:

Ең басында енді конечно любой кәсіп бастағаннан кейін кішкене қорқыныш болады, рисковать ету деген болады. Бастадық Құдайға шүкір ақырын-ақырын жүрді.

Одан бөлек, Әли әлеуметтік желілерде арнайы блог жүргізеді. Бүгінде инстаграмда 125 мың оқырманы бар. «Парақшамда белсенді болып, кәсібімді өрге домалатттым» - дейді.

Әли МҰХАММЕД, КӘСІПКЕР:

Алматы, Тараз, Шымкент жақтан келіп, өзінің Талдықорғандағы туысқандарына келіп, арнайы маған кеп жатқан кісілер де бар. Сені көруге келдік, сенің бір-екі ауыз сөзіңді тыңдауға келдік деп кеп жатқан кісілер өте көп.

Гүлфия ЕСБАЕВА, САТУШЫ:

Осы Әлимен сауда істеп жүргеніме 2 жылдай боп қалды. Саудасы жақсы жүреді. Ылғи көңілді тұрады, елдердің көңілін көтеріп жүреді ылғи да. Товарлары әр кезде жаңадан келіп тұрады, бағасы да қолжетімді, кейде акцияларын жасап тұрады.

Әзия БАТЫРБЕКҚЫЗЫ, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен ылғи да осы баладан аламын. Өзі ақкөңіл бала тура, қалждыңдап, сатқанда тура бір виртуоз боп сатады. Күшті, сол үшін келемін если честно сказать.

Әли жастарды кәсіппен айналысуға үндейді. Ол сауда-саттықтың арқасында өзіне баспана тұрғызып, темір тұлпар мінген. Оның ендігі мақсаты – Талдықорған қаласында үлкен сауда орталығын ашу.