Русский Сайттың толық нұсқасы

"AMANAT" партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Қарағанды облысына іс-сапармен барды

"AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Қарағанды облысында болды. Онда өңір тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Облыстағы "Qarmet" көмір департаментіндегі жаңа диспетчерлік-сараптамалық орталықтың жұмысын көріп, шахтерлерге мемлекет тарапынан қолдауды күшейту мәселелерін талқылады.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Qarmet»-тің қазақстандық компанияның меншігіне қайтарылғаны Қарағанды үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды оқиға болғаны белгілі. Бұл Мемлекет басшысының маңызды саяси шешімі болды. Жаңа инвестор өндірісті кешенді түрде жаңғыртуға міндетті. Бес жыл ішінде комбинат металлургия көшбасшысы статусын қайтаруы керек.

Парламент депутаттарының, «AMANAT» партиясының және Үкіметтің бірлескен күш-жігерімен Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ғылыми институты қайта құрылып, жұмысшыға жазатайым оқиғалар кезінде кінәлі болуына қарамастан толық сақтандыру төлемін қамтамасыз ететін жаңа заңдар қабылданды.

Евгений БУСЛАЕВ, КӨМІРШІЛЕР КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет басшысының қолдауының арқасында зиянды өндіріс жұмысшылардың әлеуметтік мәселерін шешуде үлкен қадамдар жасалуда. “Qarmet”-тің 800-ден астам қызметкері арнайы әлеуметтік төлемді пайдаланды.

Андрей ЛАВРЕНТЬЕВ, “QARMET” АҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Ең бастысы Мемлекет басшысы айтқандай бірінші кезекте өндіріс қауіпсіздігі. Екіншіден модернизациялардың жаңаруы, жаңа өзгерістерге бет бұру керек. Инфраструктураларға мән берудеміз. Трамвай қозғалысы қалыпқа келіп, жаңа парк-алаңдар салынуда.

Сондай-ақ партия төрағасы Бұқар-Жырау ауданындағы ауылдарға барып, су тасқынынан кейінгі қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру жұмыстарын көрді. Оған қоса ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдап, оларды реттеу жолдарын айтты. Сонымен қатар Қарағандыдағы мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығына барды. Бұл елдегі алғашқы әйелдерге арналған полиция учаскесі. Ерлан Қошанов бұл тәжірибені оң бағалап, жобаны өзге өңірлерге де енгізуді ұсынды