Русский Сайттың толық нұсқасы

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2024
  • 299

Қазгидромет Алматы мен Қазақстанның тағы бір қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2024 жылғы 27 шілдеде Алматыда, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.