Париж Олимпиадасында пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеуден әйелдер арасындағы іріктеу аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз Ирина Юнусметова 574 ұпаймен 11-сатыға табан тіреді. Өкінішке қарай, ол финалға жолдама алған 8 мергеннің қатарына қосыла алмады.
Енді Ирина Юнусметова мен Никита Чирюкин аралас жұптық сында бірге өнер көрсетеді.