Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүрген күдікті Қордай ауданында ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бекен Қанат Доғдырханұлы, 03.11.1995 ж.т., Тараз қаласының аумағында пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде болған.
«Ол өз кінәсін толық мойындады, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.