Русский Сайттың толық нұсқасы

Дмитрий Панарин алғашқы кездесуінде жеңілді

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2024
  • 112

Париждегі Олимпиада ойындарында бадминтоннан іріктеу матчтары өтуде. Спорттың бұл түрінен Қазақстан намысын Дмитрий Панарин қорғап жатыр. 

28 шілде күні қазақстандық спортшы алғашқы матчын өткізді. Оның қарсыласы – жапондық Кента Нишимото. 

Бұл кездесуде жапон спортшысы басым болды, есеп – 2:0 (21:5, 21:11).

Айта кетелік, Панарин іріктеу кезеңінде D тобында өнер көрсетуде. Оның келесі қарсыласы – канадалық Брайан Янг. 

Дмитрий Панарин бадминтоннан Олимпиадаға қатысқан алғашқы қазақстандық спортшы.