Қазақстандық танымал кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов пен Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Парижде алтын алған Елдос Сметовке көлік сыйламақ, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұған дейін кәсіпкерлер Сметов Токиодан қола алып келгенде де темір тұлпар мінгізген. Сол уақытта Жұмабек Жанықұлов кілтті табыстап тұрып: "сенің қолаң бізге алтыннан қымбат" деп ағалық қамқорлығын көрсеткенде, Елдос та жігерленіп: "Париждің алтынын алып келемін", - деп уәде берген. Елдос уәдесінде тұрды.
Енді кәсіпкерлер Елдос Сметовке қандай көлік сыйлатынын білмей басымыз қатып отыр дейді.
"Алматыға барамыз. Елдостың келетінін білеміз. Елдостың маңдайына қандай көлік жазылып тұрғанын көреміз", - деді Жанықұлов.
Ал Руслан Берденов көлік салондарын ұсыныспен шығуға шақырды.