Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2024
  • 308

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады 

Алмасадам Сәтқалиев:

-еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы дамуы жөнінде есеп берді;

-осы уақыт аралығында 44,7 миллион тонна мұнай өндірілген. Мұнай өнімдерінің өндірісі 6,78 миллион тоннаны құраған. Сондай-ақ 30,1 миллиард текше метр газ өндіріліп, электр қуатын өндіру көлемі 60,4 миллиард кВт/сағатқа жеткені туралы айтты;

-ведомствоның тұтынушыларды электр қуатымен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары жөнінде мәлімет берді;

-жаңартылатын энергия көздерін дамыту шаралары туралы баяндады. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындық бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды.