Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада газ баллоны жарылды

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2024
  • 187

Қызылордада жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 4 бала жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр. Оқыс оқиға кеше кешкі 8 кезінде Әл-Фараби шағынауданында болған. 

Жарылыс салдарынан жер үй опырылып құлаған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды ескертеді.