Русский Сайттың толық нұсқасы

"Біздің есебіміз бойынша суды пайдалануды екі есеге азайтуға болады", - ғалым

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2024
  • 403

Алматы облысында «Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы: су ресурстарын тиімді және қауіпсіз басқару» тақырыбында «Егінжай күні» далалық семинары өткізілді. Шараға салалық министрліктер, Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының әкімдері қатысты. Аталмыш жиында су тапшылығының негізгі себептері мен оны шешу жолдары басты тақырып ретінде қарастырылды.

 Ақылбек КҮРІШБАЕВ, ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бізге қазір Қазақстанда өзіміз өндіруіміз керек мына суға тамшылатып суаратын технология құралдарын, жаңбырлатып суаратын құралдарын өзіміз шығаруымыз керек. Екінші мәселе, қаржы бөлу керек. Фермерлар қазір мына жағдаймен қаржы жетіспейді, сонан кейін субсидия да жетіспейді.

«Қазақстанда егін алқаптарын суару тиімді жолмен іске аспағандықтан, су тапшылығы туындайды» - дейді ғалымдар. Мәселен, АҚШ-пен салыстырғанда елімізде су 6 есе артық жұмсалады. Бұл мәселені шешу үшін арнайы технологиялар да іске қосылған.

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ауылшарушылық өнімдер бойынша облыс республикада екінші орында тұр. 12% үлесімен. Өңдеу жағынан да алғашқы орындардамыз. Биыл біз 14 мың га су үнемдеу технологиясына қостық. Жалпы бүгінгі күнге 34 мың га жеттік. Мақсатымыз – 40-тан асыру, 42-ге дейін жеткізу. Оны жыл аяғына дейін өсіретін шығармыз деп отырмыз.

Одан бөлек, ғалымдар су шаруашылығы жүйесінде кәсіби мамандардың аздығы мәселені одан әрі өршітетінін айтты. Жалпы есеп бойынша жылына 800 адам бейімделуі керек. Десе де, Қазақстанда су шаруашылығы бойынша жылына 100 шақты ғана маман даярланады екен.